Зоя Бутэрус

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:48, 2014 ж. ақпанның 25 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Зоя Бутэрус (26.1.1946. Павлодар қаласы)тележурналист.<ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. Павлодар пединститутын (1968), Алматы Жоғарғы партия мектебін бітірген (1984). 1971 жылs Павлодар облыстық телевидениесінде редактор, аға редактор (1969-82, 1984-2007) болып еңбек еткен.

Туған өлкесінің тарихы туралы "Өткен жолдар", Арқа төсіндегі астанамызға арналған "Астана, махаббатым менің", кеңшілер қаласының тынысын суреттеген "Менің Екібастұзым" т.б. деректі фильмдердің авторы. Әр кезеңдегі облыс әкімдерінің қатысуымен "Әкім сағаты" хабарын дайындаған.

Парламент Сенаты және Мәжіліс депутаттарымен тікелей эфирде хабарлар жүргізген. Республикалық бірнеше конкурсқа қатысқан. Қазақстан Журналистер одағының, облыс әкімінің облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен марапатталған. Облыстық Журналистер одағы сыйлығын үш мәрте иеленген.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}