Күләш Ахметоава

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:48, 2014 ж. ақпанның 25 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Күләш Ахметоава (25. 04.1946. Жамбыл облысы Талас ауданы Киров ауылы) - ақын. <ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. Жамбыл медициналық училищесін (1961), ҚазМУ-ді бітірген (1973). Үшарал медпунктінде меңгеруші, Талас аудандық "Ленин жолы", 1973-77 жылдары республикалық "Қазақстан пионері" газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі,

1977-80 жылдары "Жалын" баспасының поэзия бөлімінде редактор болды. "Сен менің бақытымсын" атты кітабы үшін Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері атанды. Өлеңдері түркі халықтарының тілдеріне аударылған, мектеп оқулықтарына енген. Тәуелсіздіктің он жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының Бас жүлдегері. Шығармалары: "Ақ гүлім менің", 1975; "Сен менің бақытымсың", 1977; "Жапырақ- жаздың журегі", 1979; "Мейірім", 1981; "Бұлақтағы жұлдыздар", 1982; "Жасыл жағалау", 1984; "Ләйлектер қайтып келгенде" (орыс тілінде) 1985; "Арғымақтар даласы", 1987; "Наурыз нұры", 1991; "Күн шыққанда күліп оян", 1996; "Өкініш әні" (орыс тілінде). Мәскеу, 1997."Еңбекте үздік шыққаны үшін" медалімен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}