Заманбек Әбдешев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:47, 2014 ж. ақпанның 25 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Заманбек Әбдешев (27. 11.1949. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Бақасу ауылы) - тележурналист. <ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. ҚазМУ-ді бітірген (1975). Шығыс Қазақстан облыстық теледидарда редактор, республикалық "Қазақстан пионері" газетінің әдеби қызметкері, "Жазушы" баспасында 15 жыл редактор болып жұмыс істеді.

Қазір "Хабар" агенттігінде аудармашы-стилист. КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Борис Васильевтің "Тамылжыған таң" повестер мен әңгімелер жинағын, болгар қаламгері Георгий Караславовтың "Шешуші сағат" атты көлемді романын, "Неру" өмірбаяндық кітабын, "Қырғыз ертегілері" жинағын, балгар ақыны Танзила Зумакулованың "Салтанат" атты жыр жинағын аударған. "Қазақфильм" киностудиясында, "Хабар" агенттігінде көптеген фильмдерді аударды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}