Ақпараттағы басты кемшіліктің бірі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:46, 2014 ж. ақпанның 25 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Ақпараттағы басты кемшіліктің бірі – республика мен облыстың күнделікті өмірінен шұғыл жаңалықтар аз беріліп, әңгіме-дидактикалық сарындағы хабарлар үстем болуы. <ref>«Қазақ телевизиясы». Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.Соған байланысты КСРО Мин. Кеңесі жанындағы Мемл. телерадио к-т 1960 жылы 4 сәуірдегі бұйрығында: "Көптеген радио және телехабарлар ... мақсатсыз, үгітшілік, іске жұмылдырушылық мақсаткқа бағыт ұстанбай, керісінше өмірмен жанды байланыссыз, дәлелі сенімсіз, ұзак сандармен аудиторияны жалықтырады. Хабарлар тақырыптары да кездейсоқ және көпшілігі жалпыламалықтан әрі аспайды"- деп, осы бағыттағы жұмысты шұғыл түрде қолға алуға жергілікті телестудияларға тапсырма берілді. Алғашқы кезекте қоғамдық-саяси хабарларға жаңа пішіндер іздестіріп, оның мазмұнын жақсарту, әрі маңыздылығын арттыру міндеті қойылды. Қоғамдық-саяси хабарлар циклінде партия пленумдарынан туындайтын шешімдердің орындалу барысын аудиторияға түсінікті, қызғылықты жеткізу редакторлар мен режиссерлердің алдындағы басты міндеттердің бірі ретінде атап өтілді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}