Жаратылыс ғажайыптары мен шынайы тамашалар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
14:22, 2016 ж. желтоқсанның 23 кезіндегі Kasymbot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Аджаиб Әл-Махлукат Уә Ғараиб Әл-Мауджудат (“Жаратылыс ғажайыптары мен шынайы тамашалар”) — Закарийа әл-Казвинидің тарихи-географиялық шығармасы. Шығарма моңғолдар тұсындағы атақты Бағдат билеушісі Ата Мәлік Жувейниге (1226 — 1283 жылдары) арнап жазылған. Шығарманың 1-бөлімінде жер асты және аспан әлемі жөнінде айтылып, араб, сирия күнтізбелері, жылнамалар берілген. 2-бөлімінде 7 климатқа бөлінген жер бетіндегі ірі өзен-көлдерге сипаттама жасалып, адамдар, өсімдіктер мен жан-жануарлар жөнінде қызықты мәліметтер келтіреді. Шығармада түрлі түркі тайпаларының тұрмыс-тіршілігі, орналасуы жөнінде тарихи-этнографиялық деректер бар.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub