Константин Иванович Нигай
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Константин Иванович Нигай (1913, Приморье өлкесі, Нижний Янчихе селосы, – еңбек ардагері. Хабаровскідегі дене шынықтыру техникумын және Қызылорда агрономиялық техникумын бітірген. 1937 жылы Қазақстанға еріксіз қоныс аударылған. Алғашқыда мектепте дене шынықтыру мұғалімі болды. 1943 жылы ірі «Гигант» ұжымшарының мәдени-бұқаралық жұмыс жетекшісі қызметін атқарды. 1947 – 62 жылдары Шиелі ауданындағы «Гигант» (Бидайкөл а.) ұжымшарында төраға орынбасары, комсомол жастар егіс бригадасының бригадирі, кейін 1963 – 65 жылдары облыстың ауыл шаруашылық тәжірибе стансасының директоры қызметін атқарды. 1949 жылы Нигайдың бригадасы 20,9 га-ның әрқайсысынан 87,7 ц-ден күріш алды. 1950 жылы маусымда Нигайға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1966 жылдан зейнеткерлікке шыққанша Сырдария ауданы Абай атындағы кеңшар директоры болды.
Сілтемелер
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Константин Иванович Нигай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}