Сулеймен Мәмет
Еңбектері
«Жыр — бесік» атты (өлеңдер) алғашқы жинағы 1983 жылы, одан кейін «Анасуреті» (1985, әңгімелер), «Перзент парызы» (1995, повестер мен әңгімелер), «Бейбаян тірлік», «Ар алдында...», «Абай бол, қазақ» атты кітаптары оқырман қолына тиген. Орыс, ұйғыр балалар жазушыларының әңгімелерін аударуға, әралуан жинақтар қүрастыруға ат салысқан. Қазақ ертегілерінің екі тойын құрастырып, оның алғашқы томы 2000 жылы «Балауса» баспасынан жарық көрді. Кейбір әңгімелері орыс, түрік тілдеріне аударылған. Елбасы Алғыс хатының, Астананың 10 жылдығы медалінің иегері, «Нұр —Отан» халықтық партиясы мен Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>