Жұмабай Ахметұлы Орманбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Биография
Орманбаев Жұмабай Ахметұлы- (1906-1985), журналист, жазушы. Жаңаарқа ауданының түлегі. Орта Азия коммунистік университетін 1927 ж. бітірген.
Қызмет жолы
- Ташкентте студенттердің "Кедей айнасы" журналының редакторы, әрі университет комсомол ұйымының хатшысы.
- 1927-1935 ж. "Лениншіл жас" (Қызылорда), "Еңбек майданы" (Қарқаралы), "Сыр бойы" (Қызылорда), "Колхоз жолы" (Көкшетау), "Ленин туы" (Петропавл), "Қарағанды пролетариаты" (Қарағанды) газеттерінде редактор болды.
- 1941-1966 ж. Ақмола облысы "Коммунизм таңы" газеттерінде, "Жаңа өмір" журналында істеді.
- 1928 ж.- "Жылқышылар"
- 1967 ж.- "Қос басшы"
- 1968 ж.- "Шопан Дадеш"
- 1972 ж.- "Тұзақталған шортан" атты кітаптары жарық көрді.
Дереккөздер
- "Қарағанды. Қарағанды облысы" энциклопедия. Алматы, Атамұра 200 ж.