Сайлаукүл Жапбарқызы Барахова
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сайлаукүл Жапбарқызы Барахова (16.2.1947 жылы туған, Сарыағаш ауданы) – ұстаз, Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты (1997 – 2002). Түркістан педагогикалық училищесін (1964), Шымкент педагогика институтын (1972), Алматы партия мектебін (1987) бітірген. 1964 – 2004 жылдары Сарыағаш ауданы «Сырдария» орта мектебінде мұғалім, аудандық мектеп бөлімінің меңгерушісі, аудандық, облыстық Жастар одағы комитетінің 2-хатшысы, Қазақстан КП Келес ауданы комитетінің, Шымкент қалалық комитетінің хатшысы, 2-хатшысы, Шымкент облыстық халық депутаттары кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық әкімшілігінде халыққа білім беру басқармасының бастығы (1992 – 97), әкімнің орынбасары – білім беру департаментінің бастығы қызметтерін атқарды. 2001 жылдан облыс білім беру департаментінің бастығы. «Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>
Сілтеме
<references />
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сайлаукүл Жапбарқызы Барахова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}