Мамай Пірманшаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:59, 2016 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету
Мамай Пірманшаев (1.2. 1947 жылы туған, Жалағаш ауданы ) – ғалым, ауыл шаруашылық ғылыми доктор (1996), профессор (1994). Қытай экология, экономика университетінің профессор (1999).
- 1969 Целиноград ауыл шаруашылық институтын (Ақмола аграрлық университеті) бітірген (1969).
- 1969 – 1970 жылдары Жалағаш ауданы «Жаңадария» кеңшарында зоотехник-селекционер,
- 1970 – 1971 жылдары Қазақстан ауыл шаруашылық министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысындағы мал асылдандыру мекемесінде аға зоотехник,
- 1974 – 1980 жылдары Қазақ Қаракөл қой шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының Жамбыл бөлімшесінде ғалым хатшы, бөлім меңгерушісі болды.
- 1980 – 2000 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында (ҚазҰАУ) оқытушы, кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары, факултет деканы қызметтерін атқарды.
- 2000 – 2004 жылдары Халықаралық Қытай-Қазақ университетінің ректоры.
- 2004 жылдан директорлар кеңесінің төрағасы.
Ғылыми еңбектер
Ғылыми еңбектері Қазақстан және ҚХР-нда қаракөл қойларын өсіру, тұқымын асылдандыру мәселелеріне арналған. 200-ге жуық ғылыми еңбектің, 1 оқулықтың, 10 өнертапқыштық куәліктің авторы.
Марапаттар
«Жоғары оқу орнының үздік мұғалімі» орденімен марапатталған (1987).<ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>