Пірзада Баба

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:43, 2012 ж. қаңтардың 8 кезіндегі Sibom (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Пірзада Баба, Пірзада Мәдіқожаұлы (туған-өлген жылы белгісгз) – діни қайраткер, әулие, ел басына қиын-қыстау күн туған кезеңде, керемет қасиетімен халыққа қорған болған аруақ иесі. Лақап аты «Көтімылтық». Пірзада Баба Мәдіқожаның Қожжан, Қылыш, Әбдірахманнан кейінгі төртінші баласы. Қапсағай денелі, отты көзді, жүзінен мейірім шашып тұратын көркем мінезді жан болған. Жақсыға жаны жомарт, ілім-білім қазынасынан нәр алған, атадан мұраланған қасиетімен талай адамға шапағатын тигізген. Жаугершілік кезеңде Қаратау бөктерін мекендеген екі елге парсылардан шабуыл қатері төнеді. Халық не істерін білмей дағдарады. Ақсақалдар ақылдаса келіп, Пірзада Бабаға жүгінеді. Ол 3 күн, 3 түн үзіліссіз құран аяттарын оқып, ээАлла тағаладанээ елдің аман қалуын тілейді. Дұғасы қабыл болып, төңіректі көзге түртсе, көрінгісіз қалың тұман басады. Бұл екі күн, екі түнге ұласып, жау бағытынан адасып, терістік беткейге кеткен деседі.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала