Мұқтар Жанайхан Ақуанұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:37, 2014 ж. сәуірдің 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Жанайхан Ақуанұлы Мұқтар (1955 жылы туған), заңгер, ақын, әуесқой сазгер. Бұқар жырау ауданының түлегі. КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды Жоғары мектебін бітірген (1976). Қарағанды облысының ішкі істер органдарында тергеуші, ҚазКСР Ішкі істер министрлігінде басқарма бастығы, ҚР Жоғарғы соты төрағасы 1-орынбасарының кемекшісі, Бас прокурордың аға көмекшісі — хатшылық бастығы болды. 1996 жылдан ҚР жоғарғы соты аппаратының басшысы, әкімшілік ғимараты директоры. Сазгерлік, ақындық шығармашылықпен айналысады. 30-дан астам ән-жыр авторы. Оның «Айналайын ауылым», «Алыстап барады жастық шақ», «Әжеме», «Анашым — аяулым», «Достар-ай», «Жайнай бер, туған жер», «Қос шырақ», «Жүрек сыры» және т. б. әндерін Н. Өнербаев, Д. Таңатаров, Қ.Бұғыбай, И. Расылхан сияқты белгілі әншілер орындайды. «Жүрек сыры» атты өлеңдер жинағы жарыққа шықты (2005).<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}