Құлбарақ Табылдыұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:01, 2014 ж. сәуірдің 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Құлбарақ Табылдыұлы<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, VI-том</ref> (1777, Маңғыстау өңірі, Бозащы1832) – халық батыры. Кіші жүздегі беріш руынан шыққан. Хиуа хандарының озбырлығына қарсы күрескен. Матай ақын “Батыр болып туыпты, Табылдыдан Құлбарақ, Алты сан Алаш жиылып, Кем деген жоқ бір қазақ” деп жырлаған. Құлбарақ ұрыс кезінде қаза тапқан.

Тарихы

Аталары беріш Есболай батыр Маңғыстауға алғаш келіп қоныстанушылардың бірі. Жергілікті түрікмендермен анда болысып, қыз алысып, бейбіт қарым-қатынасты қалыптастырған. Құлбарақ түрікменнің атақты Сүйінғара батырының жиені. Құлбарақ батырдың ерлігі негізінен Хиуа хандығының аламан-қарақшыларынан ел қорғау ұрыстарында танылған. Матай ақын «Батыр болып туыпты, Табылдыдан Құлбарақ, Алты сан Алаш жиылып, Кем деген жоқ бір қазақ» деп жырлаған. 1832 жылы қысында Хиуа ханы Аллақұл Маңғыстауға 3 мың қол аттандырады. Құлбарақ аз қолмен күші басым жаумен Тиген жерінде ерлікпен ұрысып қаза тапқан. Аңызда қарақшы қол Құлбарақтың басын Сүйінғара батырдікі деп есептеп кесіп алып, хан алдына апарады. Сол жерде бұрыннан оны білетін, батырлығын бағалайтын хан басты құрметпен жерлеуге әмір етеді. Хиуаға жақын Махмұд палуан күмбезіне таяу жерленген Құлбарақтың басы содан бері елдің аузында «Бас әулие» делініп, зиярат ететін киелі орын саналады. Батырдың Тигенге жақын төбе басындағы зираты да әулие жер болып есептеледі. Бертінде басына сәнді күмбез, түнеухана салынды.<ref>[[Маңғыстау энциклопедиясы]], Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Құлбарақ Табылдыұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}