Сансызбай Оразғалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:59, 2015 ж. сәуірдің 6 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Сансызбай Оразғалиев (1935 ж. т., Атырау облысы Жылыой ауданы Тұрғызба ауылы) – журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетін (1958), Алматы жоғары партия мектебін бітірген (1964). 1958 – 62 ж. Атырау облысы «Коммунистік еңбек» газетінде әдеби қызметкер, 1964 – 68 ж. Жаңаөзен қаласында партия, кеңес жұмыстарында, 1968 – 70 ж. «Қазақстан» баспасының әлеуметтік, экономикалық басылымдар бөлімінде аға редактор, 1970 – 95 ж. Маңғыстау облыстық телестудиясының директоры, облыстық «Коммунистік жол» газеті редакторының орынбасары, облыстық телерадио комитеті төрағасының орынбасары, облыстық радио комитетінің бас редакторы болды. Сансызбай мұнайшылардың қаһармандық еңбегі жөнінде «Қара дария» очерктер жинағының, А.Қуанбаевпен бірігіп жазған «Ажал мен апат» (1995), «Қасірет пен қайғы» (1995) деректі повестерінің авторы.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сансызбай Оразғалиев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}