Московенко Василий Иванович

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:20, 2014 ж. қазанның 16 кезіндегі Arachn0 (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Московенко Василий Иванович (1915, бұрынғы Көкшетау облысы Чистополь ауданы Гаршино ауылы– 2001) – Кеңес Одағының батыры (1945). 1936 жылы кооперативтік техникумда оқып жүрген кезінде БЛКЖО ОК-нің шақыртуымен Әскери Әуе Күштері қатарына алынады. Екі жылдан кейін Сталинград әскери-ұшқыштар училищесін бітіріп, Қиыр Шығыстағы Қызылтулы 2-жеке армияның құрамында борышын өтеді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде 175 рет әскери тапсырмамен ұшып шыққан. 37 әуе ұрыстарын жүргізіп, жаудың 14 самолетін атып түсірген. Ленинград қоршауын бұзуға, Ржев-Зубцов операциясына, Орел, Витебск, Орши аудандарында немістерді талқандауға және Берлинді басып алу ұрыстарына қатысқан.

Дереккөздер</span>

«Ақмола облысы» энциклопедиясы

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub