Жетібай Жылқышыұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:12, 2014 ж. сәуірдің 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Жетібай Жылқышыұлы (1940 ж. т., Маңғыстау ауданы Таушық ауылы) – мәдениет қызметкері, шежіреші. Еңбек жолын есепшіліктен (1958) бастаған Жылқышыұлы Таушық поселкесі кеңесі атқару комитетінің хатшысы, Маңғыстау ауданы азаматтық қорғаныс штабының бастығы (1958 – 67), ауданы мәдениет үйінің директоры, «Жастар» вокалды-аспаптар ансамблінің жетекшісі (1967 – 74) болды. Аудандық халық театрының бірқатар қойылымдарына қатысып, Қыдыш (М.Әуезов, «Түнгі сарын»), Тұрсын Ходжаев (Ш.Құсайынов, «Біздің Ғани»), Қарпық, Мұса Байжанұлы (З.Ақышев, «Келіндер», «Жаяу Мұса»), Естай (М.Төлебаев, «Біржан – Сара» операсынан үзіндіде), Дүйсен (Қ.Аманжолов, «Досымның үйленуі»), т.б. рөлдерді шебер орындаған. Б.Тәжібаевтың «Дойыр мен домбыра» атты повесі бойынша «Ән құдіреті» атты инсценировка жазып, республикалық байқаудың лауреаты (1978) атанды. Оның кейбір шығармалары «Жыр-дария» (Ақтау, 1995), «Аманат» (1996) жыр жинақтарына енген. 1997 жылдан «Адай шежіресін» жинақтаумен шұғылданады.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жетібай Жылқышыұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}