Верещагин Василий Васильевич

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:56, 2014 ж. мамырдың 1 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Верещагин Василий Васильевич (26.11.1848, Ресей, Новгород губерниясы Череповец қаласы – 13.4. 1904, Порт-Артур маңы) – орыс кескіндемешісі, Теңіз кадет корпусында (1853 – 60), сонымен қатар (1858 жылдан) суретшілер мектебінде, кейін Көркем сурет академиясында (1860 – 63, Санкт-Петербург), Парижде Ж.Л. Жером мен А.Бидтың класында (1864 – 66) оқыды. Бірнеше рет Кавказ бен Қырымда, 2 рет Түркістанда (1867 – 1868, 1869 – 1870) болды: Үндістанға (1874 – 1876, 1882), Сирия мен Палестинаға (1884), Куба мен Жапонияға (1880 – 1903) сапар шекті. Орыс-түрік (1877 – 1878), орыс-жапон (1904) соғыстарына қатысты. Верещагин қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, Қазақстан табиғатын бейнелеген көптеген суреттер салды («Лепсі алқабы», «Шу өзені бойындағы қазақ үйлері», «Алатауда» (1869 – 70), «Аңшы қазақ» (1871), т.б.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”,

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub