Илья Григорьевич Борщов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:35, 2017 ж. сәуірдің 12 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Борщов Илья Григорьевич [19(31).7.1833, Ресей, Санкт-Петербург — 30.4 (12.5).1878, Чернигов губ.] — орыс ботанигі және химигі. 1868 жылдан Киев университетінің профессоры “Материалы для ботанической географии Арало — Каспийского края” (1865) деген еңбегінде өлкенің жалпы табиғатына сипаттама берген және оның флорасына ботан.-геогр. талдау жасаған. Борщов өсімдіктің 66 түрін картаға түсірді. Гүлді өсімдіктер жүйесі, өсімдік анатомиясы мен физиологиясы, коллоидты химия саласынан бірқатар еңбектер жазған.
Дереккөздер</span>
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том