Василий Иванович Штифанов
Штифанов Василий Иванович (1910-2000), геoлoг, Социалистік Еңбек Ері (1963). Еңбек жолын Алтай өлкесінде мұғалімдіктен бастаған. 1932-1938 жылдарына Қазақ кен-металл институтында оқиды. Оқуды бітірген сон Қарсақбайдағы Қаныш Сәтбаев бас- шылы кететін Жезқазған геолог-барлау кеңсесіне жұмыска жіберілді. 1941 жылында Қаныш Сәтбаев Алматыға жұмысқа ауысқаннан кейін, ол геолог-барлау партиясын басқарды. Осы қьізметте Штифанов 75 жасқа келгенше істеді. ҚазКСР еңбек сіңірген геолог-барлаушысы. Ленин жөне Октябрь революциясы ордендерімен марапатталған. Бірнеше ғылыми мақалалардын авторы. Жезқазғандағы біркөшеге Штифанов есімі берілген. Жезқазған қаласының құрметті азаматы. <ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Wikify