Коневский осередок

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:45, 2017 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Коневский осередокАтырау облысы Құрманғазы ауданының теңіз жағалауындағы ең ірі арал.

Ұзындығы 36 км, енді жері оңтүстігінде 10 км-дей, аумағы шамамен 28 км²-ге жуық. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан аралдың жер бедері тегіс келген. Оның бетін төрттік кезеңнің саздақты-құмайтты аллювийлі шөгінділері жапқан. Онда қамыс, құрақ өседі. Арал жағалаудан 1,5 км алшақ жатыр. Батысында Синее Морцо шығанағы және Үтері (Өтер) теңіз каналы, шығысында балықшылар кемесіне арналған теңіз каналы өтеді.

Суында балық көп.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама Үлгі:Уики