Иманмади Шағырбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:43, 2016 ж. сәуірдің 17 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету
Шағырбаев Иманмади (1948 жылы туған, Маңғыстау ауданы Таушық ауылы) – геолог, Жер қойнауын барлаушы (2007). Ашғабад ауыл шаруашлық институтын (1968) және Қазақ политехникалық институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1970). 1980 – 92 ж. Өзен бұрғылау жұмыстары, 1992 – 95 ж. Маңғыстау барлау жұмыстары басқармаларында жұмыс істеген. 1995 – 2004 ж. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның бас геологы, геология бөлімінің бастығы. Өзен, Қарамандыбас, Түрікменой, Батыс Теңге, Аққар, Ащыағар, Емір, т.б. алаңдарды барлауға қатысқан. Қазір Бозащыдағы Қытай мен Ресей біріккен компаниясында инженер-геолог, менеджердің орынбасары. КСРО «Мұнай өнеркәсібінің үздігі» (1985) белгісімен мараптталған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Дереккөздер
<references/>