Қостілділік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:35, 2014 ж. сәуірдің 22 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Қостілділік - ұлтаралық қарым-қатынастарда қолданылатын күшті құрал: әртүрлі ұлт өкілдерінің ортақ істе, бір аумақта бірге тұруының көпқырлы өзара байланысын жүзеге асырады. Қостілділік - көпэтннкалы тұрғындардың қарым-қатынасындағы өндірістік әрі тұрмыстық қажеттіліктен туындайды. Ол әртүрлі ұлт адамдарының өзара қарым-қатынасының күшеюі барысында ерекше мәнге ие болып, қазіргі этнотілдік процестердің қүрамдас бөлігі ретінде, яғни этникалық процестердің дамуының маңызды шарты әрі факторы және этностардың өзара тарихи қарым-қатынастарының нәтижесінде қалыптасады. Екінші тілді білу біріншіден, еңбек ету аясында өте қажет, өйткені бүгінгі таңда өндірістік байланыстар ұлттық шеңберден шығып, республикада көпұлтты еңбек ұжымдары басым. Тілдердің дамуы мен қызметінде қостілділік үлкен рөл атқарады.
Қазақстанда қазақ не орыс тілінің араласуынсыз, өзге тілдерден құралған қостілділіктің оншақты түрі бар. Олар: тәжік-өзбек, дүнген-ұйғыр, ұйғыр- өзбек, түрік-Әзірбайжан, татар-ноғай және т.б. Қостілділіктің бұл түрлері туралы мәлімет аз болса да, тілдердің аймақтық қатынасының айғағы.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қостілділік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}