Галина Валентиновна Воротынцева
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:43, 2016 ж. сәуірдің 15 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету
Галина Валентиновна Воротынцева (1946 жылы туған) – педагог.
- Кострома педагогикалқы институтын (1969),
- Алматы жоғары партия мектебін бітірген (1982).
- 1969 – 1970 жылдары Семей педагогикалық институтында оқытушы,
- 1970 – 1971 жылдары осы институттың комсомол комитетінің хатшысы,
- 1971 – 1973 жалдары Қазақстан ЛКСМ Семей облысы комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, лекторлар тобының жетекшісі,
- 1973 – 1974 жылдары Қазақстан ЛКСМ ОК-нің пионер ұжымы респ. кеңестің жауапты хатшысы,
- 1974 – 1980 жылдары Маңғышлақ облысы комсомол к-тінің, Бейнеу ауданы партия к-тінің хатшысы, Шевченко қаласы атқару к-ті төрағасының орынбасары.
- 1982 – 1988 жыдары Маңғыстау облысы халықтық комитетінің орынбасары, облыстық Білім қоғамының орынбасары.
- 1988 – 1994 жылдары Алматы қаласындағы бұрынғы Мәскеу ауданы партия к-тінің нұсқаушысы, үгіт және насихат бөлімінің орынбасары, еңбекпен қамту орталығының бас маманы,
- 1995 – 2004 жылдары ҚР монополияға қарсы саясат комитеті тұтынушылар қорының қорғау басқармасының бастығы, ҚР ТМД-ның хаттама жетекшісі, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
</ref>
Дереккөздер
<references/>