Қозғаушы сұрыпталу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:59, 2015 ж. қарашаның 12 кезіндегі I.torebekkyzy01 (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Тексерілмеген мақала

Қозғаушы сұрыпталу

Қозғаушы сұрыпталу дегеніміз организмдегі белгілер мен қасиеттер жаңадан пайда болған орта жағдайларына бағытталып бейімделуі.Бұл сұрыптау түрі сыртқы орта жағдайларының өзгеруі үнемі бір бағытта ғана жүрген кезде айқын байқалады.Қозғаушы сұрыпталу кезінде популяцияда шамалы маңызы бар белгілер немесе қасиеттер азайып, жойылады.Бұған мысал ретінде өндірісі дамыған аймақтардағы көбелектердің қанаттарының түсінің өзгеруін немесе үңгірлерде тіршілік ететін жануарлардың көздерінің жойылуын, сондай ақ жылан аяқтарының жойылуын немесе ұшпайтын құстардың қанаттарының қысқаруын, тайтұяқты жануарлардың саусақтарының азаюын айтуға болады.Қозғаушы сұрыпталу кезінде белгілердің бейімділік көрсеткіш деңгейі тек бір бағытқа қарай өзгереді.Табиғи сұрыптаудың бұл бағытын алғаш рет Ч. Дарвин сипаттап жазған болатын.

Дереккөздер

<ref>Биология.Ж алпы білім беретін мектептің қоғамдық гуманитарлық бағытындағы 11 сыныбына арналған оқуылық, 3 баспасы. - Алматы: Мектеп, 2015. </ref>