Сидоров Евгений Григорьевич

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:48, 2015 ж. маусымның 1 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сидоров Евгений Григорьевич (23.2.1926 жылы туылган, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы) – биология ғылымдарының докторы (1983), профессор (1998). ҚазМУ-ды (1952, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Зоология институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1952–94), Қазақ балық шаруашылық ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі (1994–2000) болды. 2000 жылдан Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтында кеңесші қызметін атқарады. «Природные очаговости описторхоза» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері балық паразитологиясы мәселелеріне арналған. 100-ден астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы.

Дереккөздер

Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub