Жанкісі Көшекұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:50, 2012 ж. қаңтардың 7 кезіндегі Sibom (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жанкісі Көшекұлы (1734, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Маманай ауылы — 1817, сонда) — ақын, батыр. Қожаберген — Асқан медресесінде, кейін Бұхара медресесінде оқыған. Көшек батырдың он төрт баласының бірі. Он жасынан өлең шығарып, ән салған, домбыра, сыбызғы тартқан. Жанкісі 1752 — 1758 жылдары қазақ-жоңғар соғысында ерлік көрсетіп, батырлығымен көзге түскен. 1759 жыл түрікмендерден Маңғыстауды, Кердері шағылын (Красноводск ауданы бұрынғы атауы) азат етуге белсене қатысады. Жанкісі жырларының көпшілігі сақталмаған. Тек “Керей Бөгенбай батыр”, “Керей Бердіқожа батыр” дастандары, Қанжығалы Бөгембай батырды жоқтауы, жас туралы толғауының, “Бақсары батыр” жырының үзінділері ғана жеткен.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала