Менгес
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Менгес Карл Генрих <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> (Үлгі:Lang-de; 22.4.1908, Майн, Франкфурт) – неміс түркітанушысы, лингвист.
Биографиясы
Франкфуртте, Мюнхенде және Берлинде оқыған.
- 1937 жылдан Анкара университетінің профессоры болған.
- 1940 жылдан Колумбия университетінде сабақ берді.
- 1980 жылдан Венедағы ғылыми орталықта еңбек етті.
Менгес Карл Генрих – түркітану мен алтай халықтарының тарихы, ностра тілдерінің (орал, алтай, дравидий, үндіеуропа тілдері) морфологиясы мен этимологиясы жайындағы зерттеулердің авторы.
Еңбектері
Ағылшын және неміс тілдерінде жазған басты еңбектері:
- “Қарақалпақ тілінің грамматикасы” (1947)
- “Морфологиялық мәселелер” (1960)
- “Түркі тілдері және түркі тілдес халықтар” (1968)
- “Тұңғыс тілі” (1968), т.б.
Менгес Карл Генрих қазақ тілі жөнінде де мақалалар жазды <ref>Зарубежные исследователи Средней Азии и Казахстана</ref>.
Дереккөздер
<references/>