У (кирил)
У, у — кириллицаға негізделген әліпби әрпі.
Еріндік дауысты дыбысты таңбалайтын әріп. Қазақ тілінде "У" әрпімен бірнеше дыбыс белгіленеді: а) жуан, қысаң, еріндік "ұ" дыбысы мен еріндік У-дың тіркесі (ұ+у): мысалы, жазылу - оқу, айтылуы - оқұу; ә) жіңішке, қысаң, еріндік "ү" дауыстысымен еріндік үнді У-дың тіркесі: мысалы, жазылуы - беру, айтылуы - берүу; б) еріндік, үнді "у": мысалы, ауа, дәу; в) орыс тілінен енген тіл арты қысаң "у": мысалы, туризм, турнир, "Ту-104" т.б.<ref> Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 5 том</ref> <ref>Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962</ref>.
Кодтар кестесі
Код | Регистр | Ондық код |
16-лық код |
8-дік код |
Екілік код |
---|---|---|---|---|---|
Юникод (У, у) |
Бас | 1059 | 0423 | 002043 | 00000100 00100011 |
Кіші | 1091 | 0443 | 002103 | 00000100 01000011 | |
Юникод (Ѹ, ѹ) |
Бас | 1144 | 0478 | 002170 | 00000100 01111000 |
Кіші | 1145 | 0479 | 002171 | 00000100 01111001 | |
ISO 8859-5 | Бас | 195 | C3 | 303 | 11000011 |
Кіші | 227 | E3 | 343 | 11100011 | |
KOI-8 | Бас | 245 | F5 | 365 | 11110101 |
Кіші | 213 | D5 | 325 | 11010101 | |
Windows-1251 | Бас | 211 | D3 | 323 | 11010011 |
Кіші | 243 | F3 | 363 | 11110011 |
HTML жүйесінде бас әріп «У»-ды У немесе У, ал кіші «у» әріпін - у немесе у деп белгілейді.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Commons