Плазмодилер
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:30, 2015 ж. мамырдың 22 кезіндегі Erboldilyara (Талқылауы) істеген түзету
Плазмодилер - гемоспорий отрядының бір туысы. Омыртқалы жануарлар мен адамда паразиттік тіршілік етіп безгек ауруын тудырады. Плазмодилердің 60-тан астам түрі бар. Плазмодилерді насекомдар, әсіресе Culicidae тұқымдасына жататын безгек масасы таратады. Омырқалылар организміне плазмодилер особьтары жіпше тәрізді денешіктер - спорозоиттар түрінде масаның сілекейімен еніп, қан тамырлары немесе бауыр клеткаларына өтіп, онда жыныссыз жолмен көбейіп бір ядролы ұсақ клеткалар мерозоиттар түзеді. <ref>Қазақ совет энциклопедиясы</ref>