Көктамыршалар, венулалар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Illu capillary.jpg
Оттегімен қаныққан қанның көктамыршалар арқылы өтуі.

Көктамыршалар, венулалар (Үлгі:Lang-la) — микроайналым арнасының қылтамырлардың (капиллярлардың) қосылуынан түзілетін, жұқа қабырғалы жіңішке қан тамырлары. Көктамыршалардың қабырғалары: ішкі — интима, ортаңғы — медиа (бірыңғай салалы ет ұлпасының бір қабат миоциттерінен тұрады) және сыртқы - адвентиция қабықтардан құралған. Көктамыршалардың кең арналары (30-50 мкм) арқылы қан төменгі қысыммен баяу ағып, ұлпалардағы зат алмасу нәтижесінде түзілген ыдырау өнімдері вена қанына өтеді. Бұлардың кең арналы қуыстарында денедегі қанның қоры сақталады. Көктамыршалардың жұқа қабырғаларындағы саңылаулар арқылы қаннан қоршаған ұлпаларға лейкоциттер өтеді. Көктамыршалар бір-бірімен өзара қосылып, көктамырларды (веналарды) құрайды.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub