Хромопротеидтер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:13, 2014 ж. маусымның 6 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Хромопротеидтер (хромо… және протеид — күрделі белок) — түсі күрделі белоктар. Хромопротеидтердің құрамында хромопротеидтердің спектрін және оның түсін анықтайтын простетиктік топтар болады. Простетиктік топтардың құрылымының байланысына қарай хромопротеидтер: гемопротеидтер, флавопротеидтер, ретинилиденпротеидтер, фикобилиндер, т.б. болып бөлінеді. Хромопротеидтер энергияның түрленуімен, тасымалдануымен байланысты процестерге (мысалы, тыныс алу, фотосинтез, көру, т.б.) қатысады.

Хромопротеидтер (хромопротеиды); (грек, chroma — түс, бояу және протеидтер — күрделі ақуыз) — құрамында ақуызсыз боялған заттар болатын күрделі протеиндер. Бұларға организмдегі тыныс алу процесін іс жүзіне асыратын эритроциттер құрамындағы гемоглобин, бұлшық еттердің түсін анықтап, олардағы тыныс алуды қамтамасыз ететін миоглобин, кейбір фе;.:чснттер, мысалы, каталаза және т.б. ферменттер жатады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref><ref>Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub