Акромегалия
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:13, 2014 ж. маусымның 6 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Акромегалия (Үлгі:Lang-el; Үлгі:Lang-el — аяқ, қол; Үлгі:Lang-el — үлкен) — гипофиз аденомасы (аденогипофиздің ісігі) кезінде өсу гормоны — соматотропиннің шамадан тыс көп мөлшерде бөлінуіне байланысты адам мен жануарлар бас сүйектерінің (жақ, қабақ сүйектерінің) және аяқтар мен қол сүйектерінің, сондай-ақ, ішкі мүшелердің шектен тыс өсуі. Акромегалия, әдетте, организмнің өсуі толық аяқталғаннан соң дамиды, ол ішкі секреция бездерінің ауруларына (эндокринді ауруларға) жатады. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref><ref>Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8</ref>
Дереккөздер
<references/>