Электрстатика
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Электрстатика (электро… және статика) – физиканың инерциялық санақ жүйесімен салыстырғанда қозғалмайтын электр зарядтарының өзара әсерін және олардың тепе-теңдік шартын қарастыратын саласы. Тыныштықта тұрған электр зарядтарының өрісін электрстатикалық өріс деп, ал сол зарядтардың өзара әсер күшін электрстатикалық күш деп атайды. Э-ның негізіне Кулон заңы алынады. Электрстатик. күш потенциалдық күшке жатады. Сондықтан электрстатик. өрістің күштік сипаттамасы – кернеулікпен (Е) қатар, сол өрістің энергет. сипаттамасы – потенциал да () пайдаланылады. Э. заңдары электр аппараттарында, электронды оптик. приборларда, зарядты бөлшек үдеткіштерінде, т.б. приборлар мен құрылғыларда кеңінен қолданылады. Үлгі:Суретсіз мақала