Жіктеу (математика)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жіктеу, көбейткіштерге жіктеу— алгебралық өрнекті бастапқы дәрежесінен төменгі дәрежелі бірнеше көбейткіштердің көбейтінділеріне теңбе-тең түрлендіру (ажырату). Мысалы,
- <math>~x^{2}-1=\left( x-1\right) \left( x+1\right) ,</math>
- <math>~x^{2}-\left( a+b\right) x+ab=\left( x-a\right) \left( x-b\right) ,</math>
- <math>~x^{4}-a^{4}=\left( x+a\right) \left( x-a\right) \left( x^{2}+a^{2}\right)</math>
Жіктеудің қарапайым тәсілдері:
- 1) ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару;
- 2) дайын формулаларды қолдану:
- 3) топтастыру тәсілі;
- 4) <math>~n</math>-дәрежелі көпмүшелерді түбірлерінің айырымы бойынша жіктеу.<ref>"Математикалық ойашар", "Қазақ энциклопедиясы" Алматы, 2009 ISBN 9965-893-25-X</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала