Гидролазалар
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:22, 2014 ж. мамырдың 30 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Гидролазалар — ферменттер тобы. Гидролиз реакциясын яғни органикалық қосылыстардың үзілген жеріне су молекуласын (Н+ ОН) жалғау арқылы ыдырауын жеделдетеді. Гидролиз байланысының түріне қарай гидролазалар екіге бөлінеді: күрделі эфир байланысына және пептид байланысына әсер ететіндер. Табиғатта белоктарды (протеазалар), углеводтарды (гликозидазалар), майларды (липазалар) және нуклеин қышқылдарын (нуклеазалар) ыдырататын ферменттер көп тараған.<ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>
Дереккөздер
<references/>