Гамма-ингибитор
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:07, 2014 ж. мамырдың 30 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Гамма-ингибитор—термотөзімді мукопротеид. Бір қатар ортомиксовирустарға антигемагглютининдік және вирус бейтараптандыратын әсері бар. Адамның, үй жануарларының, жабайы сүтқоректілердің және құстардың қан сарысуында болады. Гамма-ингибитор жоғарғы температураға төзімді, жоғары молекулалы (а2-макроглобулиндер) және төменгі молекулалы (трансферрин, альбумин) белоктар арасынан табылады. Адам мен жануарлардың қан сарысуынан Гамма-ингибитор калий периодатымен, трипсинмен және риванолмен тазартылады.<ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>
Дереккөздер
<references/>