Тоғыспалы иммуно-электрофорез (тиэф)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:21, 2014 ж. мамырдың 30 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тоғыспалы иммуно-электрофорез (ТИЭФ) —вирустар және бактериялар тудырған ауруларға иммунологиялық диагноз қою әдістерінің бірі. Бір-біріне сай антиген мен антиденелердің гелді ортада преципат жасауына негізделген. Әдетте қолданылып жүрген иммунодифузия әдістері антидене мен антигеннің кеңістікте барлық бағытта бос жылжуын пайдаланады, ал ТИЭФ-де олар электр күшінің әсерімен кездескенге дейін бір-біріне қарсы жылжиды. Көпшілік антигендерде сілтілік қасиет бар, сондықтан олар анодқа қарай жылжиды, ал антиденелер нейтральды болады да, гель сұйықтығымен қосылып, электроосмостың әсерінен катодқа қарай жылжиды.<ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub