Шөгінді таужыныстарды макроскоптық (далалық) зерттеу әдістері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:55, 2014 ж. сәуірдің 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Шөгінді тау жынысытарды макроскоптық (далалық) зерттеу әдістері. Шөгінді тау жынысытарды дала жұмыстары барысында көзбе-көз қадағалау және қолда бар қарапайым мүмкіндіктер көмегімен зерттеу шаралары. Мұндай шаралар төмендегі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: шөгінді тау жынысытардың литологиялық типін және заттық құрамын, олардың түсін, омырылым және дербестелу сипатын, керішінің құрамы мен мөлшерін, тау жынысы құрылымын анықтау; тау жынысыты кұрайтын түйірлер мен кесектердің мөлшерлікжөне пәшіндік ерекшеліктерін, тау жынысытың бітімін (қат-қабатталу типін), бітімдік жаралымдарын (кебірсу жарықтарын, жорғалау іздерін, т.с.с.), қат-қабатталудағы ырғақтылықты, түзілімденудегі үзілістерді, қабаттардың жапсарлық сипаттарын, тау жынысытардың физикалық ерекшеліктерін (кеуектілік, жарықшақтылық, тығыздық, саздардың аққыштығы, т.с.с.) анықтау, олардағы әр түрлі кірікпелер мен тасберіштерді зерттеу.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}