Метеора монастырлары
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:43, 2015 ж. наурыздың 17 кезіндегі Tylerdurdenkz (Талқылауы) істеген түзету
Метеора (грек тілінде Μετέωρα) - Грекияның ірі монастыр (шіркеу) кешендерінің бірі. Оның ерекшелігі - биік қия құздардың шыңында орналасқаны. Оныншы ғасырда негізі қаланған монастыр орталығы әлі күнге шейін сақталып, үзбей қызмет етіп келеді. Метеора Грекияның солтүстігінде Фессалия тауында орналасқан. Қазіргі таңда Метеора кешенінде 6 монастыр жұмыс істейді. Жалпы кешенде 24 монастыр бар. 1988 жылы монастыр кешені ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұралар тізіміне кіргізілді.