Ибн ар-Рауанди

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
14:23, 2016 ж. желтоқсанның 23 кезіндегі Kasymbot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ибн ар-Рауанди, Ахмет б. Йахйа Әбу-л-Құсайын - өмірінде діни-саяси көзқарасын бірнеше мәрте өзгерткен белгілі діндар. Мерверрудта туған. Бағдатта өсті, сонда жүріп мутазилашы Бишра б. әл-Мутамирдің жолын ұстанды. Ибн ар-Рауанди өзінің алғашқы шығармаларын 150 мутазилиттік дін ілімінің негіздерін насихаттауға арналы.

Кейбір деректерде ол Бағдатта IX ғасырдың 60 жылдары 40 жасыңда қайтыс болды десе, енді бірінде X ғасырдың басында 80 жасыңда көз жұмды делінеді.

Ибн ар-Рауанди өзінің 40-тан аса шығармаларында мутазилашылдықпен қатар жалпы мұсылмандық догматтарды жоққа шығарды. Өз кезегінде әртүрлі бағыттағы мұсылман діндарлары Ибн ар-Рауанди көзқарастарын қарсы еңбектер жазған.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Islam-stub