Ат-Тазир
'Ат-Тазир-'қоғамдық тәртіпті бұзушыларға (өкіметке бағынбай, жағымсыз мінез-құлықтар мен бұзақылық көрсету, ұрлық-қарлық, алааяқгық, т.б.) қолданылатын жаза. ат-Тазир соттың үкімімен немесе ел басшысы мен полиция бастығының шешімі бойыншатағайындалады. ат-Тазир камшымен, не болмаса шыбықпен 5-тен 39-ға дейін дүре соғу немесе 6 айға дейін бас бостандығынан айыру, айып төлету арқылы жүзеге асады.
ат-Тазир кінәнің ауыр-жеңілдігі мен жазалы адамның жеке бас қасиетіне орай көпшілік тарапынан айыптау, ел билеушінің немесе қазының ескертпесі, ақыл айту, т.б. шаралар түрінде қолданылады. ат-Тазир міндетті түрде өкініп (тәубасына келіп), кешірім өтінуді, ал кінәнің ауыр жағдайында кінәсін жууды талап етеді.
<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>
Дереккөздер
<references/>