Гидрототықтар
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Гидрототықтар - құрамы металдар мен гидроксил тобынан (ОН)- тұратын минералдар класы. Гидрототықтардың көпшілігінің құрылымы қабатты келеді. Кристалдары табақша пішінді, жіктілігі жетілген, қаттылығы — 2-5, меншікті салмағы шамалы. Олар төменгі температурада қалыптасады, экзогендік кендер мен тотықтану белдемдеріне тән. Гидрототықтар темірдің, алюминийдің, марганецтің, хромның, қалайының, уранның, мыстың және т.б. маңызды кені болып табылады. Сингонимі: гидроксидтер.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub