Нияз сері
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
09:33, 2015 ж. желтоқсанның 9 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Нияз сері Бекдәулетұлы (сәуір 1818, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Гүлтөбе қонысы – қараша 1893, Ресей, Түмен губерниясы Қосқарағай орманы) – ақын, сазгер.
- Біржан сал ұстаз тұтқан.
- Әкесі Бекдәулет егін егіп, құсбегілікпен айналысқан.
- Болашақ сері әуелі ауылдағы Қожаберген-Асқан, 1824 – 30 ж. Болатынай, 1830 – 34 ж. Қызылжар медреселерінде оқып, өз ортасында білімді адам саналған.
- Досы Сегіз серінің Ресей отаршыларына қарсы қақтығыстарында қолына қару алып, қайрат көрсеткен.
- Күрескер ақын Ресей үкіметі тарапынан қудалауға ұшырап, 1857 жылдан кейінгі өмірін Түмен губерниясында өткізді.
Шығармашылығы
Нияз сері ел ішінде әнші, ақындығымен танылған. Оның жас кезінде шығарған
- “Аққұм”
- “Іңкәр” әндері халық арасына кең тараған.
- Атақты “Нияз” әнінде Сегіз серінің ерлік істері мен өнерін
- “Сегіз сері – Патшайым” атты көлемді дастанында оның махаббатын жырға қосады.
- Сазгердің “Нияз” әні “Қазақтың 200 әні”(1972) жинағына
- “Балқурай”
- “Гүлдерайым”
- “Жариям-айдай”
- “Жеңешем-ай”
- “Ой көк”әндері “Қазақ әндері антологиясының” бірінші кітабына (1991 ж.) енген.
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}