Кернеу
Мазмұны
Кернеу
- 1) механикалық – материал деформацияланған кезде пайда болатын ішкі күштер;
- 2) электрлік электр тізбегінің не электр өрісінің екі нүктесі арасындағы потенциалдар айырмасы. Электрлік Кернеудің бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшеу бірлігі – вольт.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>
Кернеу бөлгіш
Кернеу бөлгіш — шығыс кернеуді (кіріс кернеумен салыстырғанда) төмендететін электрлік схема.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6</ref>
Кернеу күшейткіші
Кернеу күшейткіші — төменгі жиілікті тербеліс көзінен алынатын кернеуді қажетті шамаға дейін арттыратын күшейткіш.
Күшейткіш шығысындағы кернеудің орныққан мәнінің кірісіне берілген кернеуге катынасы күшейткіштің күшейту коэффициенті делінеді.
К= Uшығ/Uкір. Логарифмдік есептеу бойынша Kдб = 201 gUшығ/Uкір= lg K Егер Күшейткіш бірнеше каскадтан тұрса, онда- оның күшейту коэффициенті оған кіретін барлық каскадтардың күшейту коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең болады:
К = K1K2K3... Күшейткіштің схемаларын есептеу кезінде кернеу бойынша бастан-аяқ күшейту коэффициентін есептеуге тура келеді:
Кск = UH/Uист, мұндағы UH — күшейткіштің жүкке беретін кернеуі, Uист — дабыл көзінің электр қозғаушы күші.
Кернеу тұрақтандырғышы
Кернеу тұрақтандырғышы. Қоректендіру көзі немесе жүктеме кернеуінің өзгерісі кезінде әрдайым шығыстағы кернеудің тұрақтылығын қамтамасыз ететін құрылғы. Тұрақтандырғыштың электронды және феррорезонансты деп аталатын түрлері кең таралған.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. ISBN 9965-36-448-6</ref>
Дереккөздер
<references/>
Ұқсас тақырыптар
- Айнымалы кернеу
- Айнымалы таңбалы кернеу
- Аққыштық кернеуі
- Беріктік шегінің кернеуі
- Бұрау кернеуі
- Ең басты кернеу
- Жанама кернеу
- Жаншу кернеуі
- Иілу кернеуі
- Қалдық кернеу
- Контакты кернеу
- Қалыпты (нормалды) кернеу
- Қауіпті кернеуі
- Қию кернеуі
- Нүктедегі кернеулі күй
- Созылу кернеуі
- Соққы кернеуі
- Сығу кернеуі
- Тангенциалды кернеу
- Түйісу кернеулері
- Шақтамалы кернеу
- Ығысу кернеуі
- Кернеу циклінің амплитудасы
- Кернеу циклінің ассиметриялығы
- Кернеу-деформация диаграммасыҮлгі:Stub