Спеология

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:58, 2014 ж. мамырдың 18 кезіндегі Yesnazarova (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Speleo-Faux-Monnayeurs-01.jpg
Швейцариядағы үңгір
Спеология, грек сөзі "Спелеон" - үңгірді білдіреді. Спеология - үңгірлерді бағындыру, зерттейтін ғылым. Су астындағы теңіздікті бағындыру, жер қайнауына терең байлау батылдық пен спорттық дайындықты талап етеді. Осы спортпен шұғылданғысы келгендер жорық алдында жалпы дене дайындығын, мұзбен және құзға өрмелеуден талаптарды орындауы, сондай-ақ үңгірдегі салқындықтағы мұзды сарқырама әсерінен ауырып қалмайтындай дәрежеде шынығуы тиіс. Спеологияны бағындыру XX ғасырдың 50- жылдарында Қырымдағы Қызыл үңгірге кіріп, оны аралаудан басталды. Өткен уақыт ішінде жерасты қараңғылығында біршама рекордтық ұмтылыстар жасалынды. Алайда күн сәулесі түспейтін бұл әлемдегі рекордтар тіпті өзгеше еді. Егер әдетте спортшылар оны көтеретін болса, енді Спеология үңгіршілер түсіреді. Мысалы, Кавказ жотасының Алек. Тау-таралдарының біріндегі ең терең үңгірлердің бірі багындырылды және шабуылдаушы топ 400 м. шамасындағы рекордтық межеге жетті, ал дүниежүзілік рекорд бұдан анағұрлым төмен еді (Альпідегі Берже шыңырауындағы 1122 м.). Үңгірлерден соншама аңыз қылып айтып жүргендей ешқашан байлық табылған емес. Оның есесіне адамзаттың өткені женінде көп қызықты жәйттер табылды. Өйткені үңгірлер - адамдардың алғашқы үйі, тұрағы. Ал үңгірді бағындырушылар өздерін жеңіске жету үшін көп нәрсеге шыдайтын, нағыз спортшылар деп есептеді. Кейде олардың қатты жерге қысыла ондаған метрді жер бауырлап жылжуына, ауаны сирек жұтуына, үңгірдің төбесі мен дәлізге дейін тек бірнеше см. қалатын жер астындағы су кедергілері арқылы жүруіне тура келеді. Үңгірге түсушілерге тайғанақ баураймен көтеріліп және темен түсуіне, баспалдақтар жасауына, бір-біріне кемектесіп, қамсыздандыруына тура келеді.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:Stub

nk FA|ast}}

kk:Спелеология