Томаға

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
14:37, 2012 ж. тамыздың 11 кезіндегі Maira Yessenbekova (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Томаға– бүркіт басына кигізілетін былғары көзқап,бүркітті баптап-баулу үшін, оның бала-шаға, итке, құсқа, қызылға ұмтыла бермеуі үшін және жақындағанды шап беріп бұру қаупінен сақтану үшін томағалайды. Сондықтан, қолдағы бүркіт өз төңірегіндегі қызылды-жасылдан, өз ортасынан аз да болса бөлектенеді. Бүркіттің екі көзін саңылаусыз жауып тұратын баскиімді құсбегілер "томаға" деп атады. Жұмсақ қалың былғарыдан тігіледі, алқымында екі қайыс бауы болады. Құстың Томағасы аңға жіберілген кезде сыпырылады.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:StubҮлгі:Uncategorized