Жембасар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
14:18, 2012 ж. тамыздың 11 кезіндегі Maira Yessenbekova (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жембасар, бұл саусақтың атқарар қызметі өзінің жембасар (жем басар) атынан-ақ айқын байқалады. Тегеуріннен кейінгі ең әлді, қарулы саусақ та осы. Қырандардың негізгі қорегі ет болғандықтан, кесек етті қылғи саларлықтай бөлшектеуге белгілі дәрежеде күш жұмсау керек. Құс қашан да өз жемін екі аяғына басып тұрып, тұмсығымен тістеп, тебе тартады да, жұлып- үзіп қылғиды. Сонда екі аяқтың ішкі жағына біткен екі саусақ жемнің үлкенінен ұсағына дейін өткір болат тұяқтарымен басып ұстап тұрады.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:Stub