Ангара
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
18:43, 2017 ж. ақпанның 7 кезіндегі CommonsDelinker (Талқылауы) істеген түзету
Үлгі:Өзен Ангара (бур. - Ангар мүрэн) <ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> — Ресей Федерациясының Красноярск өлкесі мен Иркутск облысындағы өзен.
Сурет:Angara.png
Ангара
- Енисейдің (Енесай) оң жақ саласы.
- Ұзындығы 1779 км, су жинау алабының ауданы 1039 км2.
- Байкал көлінен бастау алады.
- Өзенге бөгендер көп салынған.
- Құяр сағасына таяу жерде Енисей бұйратын кесіп өтеді; аңғарының ені 3-4 км.
- Басты салалары: Іркіт, Китой, Ақсу, Ока, Ия, Илим, Чадобец.
- Байкал көлінің және қар, жаңбыр суларымен толысады. Иркутск қаласы тұсындағы көпжылдық орташа ағыны 1700 м3/сек.
- Братск СЭС-і маңында 2900 м3/сек.
- Төменгі ағысында қараша айының 1-жартысында, Братск бөгенінде желтоқсанда мұз қатады; мамырдың 1-жартысында мұзы ериді. Өзен арқылы Иркутскіден Байкалға және Братск СЭС-іне дейін тұрақты кеме қатынайды.
- Басты порттары: Иркутск, Ангарск, Братск. Өзеннен шоқыр, бекіре, хариус, елец т.б. балықтар ауланады.
Галерея
- Angara River in Boguchansky District.jpg
- Angara-Lake Baikal.ogv
- П. Листвянка. Вид сверху на исток Ангары.jpg
- Angara-Lake Baikal 1.JPG
- The source of the Angara River.JPG
- Angara-Bratsk.jpg
Дереккөздер
<references/>