Ертіс Полиметалл Комбинаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:47, 2016 ж. қазанның 15 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Ертіс Полиметалл Комбинатымырыш пен қорғасын кентастарын байытатын және олардың концентраттарын өндірумен айналысатын кәсіпорын. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Белоусовка кентінде орналасқан. Белоусовка, Березовка кеніштері және мыс қорыту зауыты негізінде құрылған (1945). 1985 жылға дейін Ертіс Полиметалл Комбинаты құрамында 3 кеніш, 2 кен байыту фабрикасы және мыс қорыту зауыты болды. Ал 1985 жылы Глубокое кентінде орналасқан мыс қорыту зауыты Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты (қазіргі Қазмырыш АҚ) құрамына енді. Ертіс Полиметалл Комбинатының 1996 жылғы өндіріс көл. 61116 мың тонна болды. Белоусов кеніші мен Белоусов кен байыту фабрикасы “Финконкорд” фирмасының (Швейцария) иелігінде.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ертіс Полиметалл Комбинаты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}