Людмила Вячеславовна Прокашева
Людмила Вячеславовна Прокашева - 1969 жылы 23 қаңтарда Павлодар қаласында туған. Орыс.
Әкесі - Прокашев Вячеслав Спиридонович, зейнеткер, слесарь-баптаушы болып жұмыс істеген. Анасы - Прокашева Надежда Даниловна, зейнеткер, санитар болып жұмыс істеген.
Павлодар педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетін бітірген (1990), дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.
«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2004 жылдан).
1983 жылдан - спорт нұсқаушысы.
КСРО абсолютты чемпионы; Конькимен жылдам жүгіруден әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1987); 500 м қашықтыққа конькимен жылдам жүгіруден қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (Нагано, 1998); 1500 м қашықтыққа конькимен жылдам жүгіруден III қысқы Азия ойындарының чемпионы (1998).
«Құрмет» орденімен (2000); «Ерен еңбегі үшін» медалімен (1994) марапатталған.
Әскери атағы - ҚР ІІМ подполковнигі.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - А.С. Павлов.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жарқын, бейбіт болашаққа үміттенемін».
Хоббиі - коньки спорты.
Сүйіп оқитын әдебиеті - романдар.
Тұрмыс құрмаған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>